«Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 462 Бұйрығы (2010.16.04. берілген өзгерістермен (күші жойылды)
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 462 Бұйрығы
(2010.16.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 360-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеудің технологиясын одан әрі жетілдіру, сондай-ақ кедендік ресімдеудің тиімділігін арттыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті заңнамада бекітілген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Күші жойылсын деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 3 қыркүйектегі № 416 бұйрығы (2004 ж., № 41-44, 1038-бет, Қазақстан Республикасы орталық атқару және басқада мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде № 2517 тіркелген);
Документ утратил силу
Демо – версия документа