(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.06.01. № 23 ҚАУЛЫСЫ
Шет елдердегі дипломатиялық қызмет персоналының еңбек шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 23 Қаулысы
Осы редакция 2007 жылғы 28 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған шет елдердегі дипломатиялық қызмет персоналының еңбек шарттары бекітілсін.
2. «Әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі жәрдемақыларды жұмыс берушілердің қаражаты есебінен тағайындаудың және төлеудің тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 маусымдағы № 731 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 27, 249-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі жәрдемақыларды жұмыс берушілердің қаражаты есебінен тағайындаудың және төлеудің тәртібі туралы Нұсқаулық:
мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:
"18-1. Дипломатиялық қызметтің персоналы шетелде болған кезеңінде науқастанған жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздығы жөнінде:
1) ұлттық валютада - науқастанған барлық уақыты ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде;
2) шетелдік валютада - шетелдік валютадағы орташа айлық жалақысының есебінен, бірақ екі айдан артық емес мерзімге жәрдемақы алады.
Егер ауруы екі айдан артыққа созылса және денсаулығының жағдайы бойынша науқас Қазақстан Республикасына жол жүре алмаса (көлік қиындығын көтере алмаса), онда уақытша еңбекке жарамсыздығы жөніндегі жәрдемақы шетелдік валютада, оның емдеу мекемесінде болған барлық уақыты үшін, Қазақстан Республикасына эвакуациялау мүмкіндігі туралы дәрігерлердің шешімі шыққанға дейін төленеді.".
Редакция документа
Демо – версия документа