(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2001 ЖЫЛҒЫ 12 МАУСЫМДАҒЫ № 808 ҚАУЛЫСЫ
Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын және құтқарушыларды
аттестаттаудың кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 12 маусымдағы № 808 қаулысы
Осы редакция 2007 жылғы 20 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын және құтқарушыларды аттестаттау ережесі;
2) іздестіру-құтқару, тау-кен-құтқару, газдан құтқару және атқыламаға қарсы жұмыстарды жүргізу жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын авариялық-құтқару қызметтеріне және құрамаларына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Үкіметінің
2001 жылғы 12 маусымдағы
№ 808 қаулысымен
бекітілген
Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын
және құтқарушыларды аттестаттау ережесі
1. Кәсіптік авариялық-құтқару қызметтері, кәсіптік және ерікті авариялық-құтқару құрамалары (бұдан әрі - АҚҚ) және құтқарушылар аттестаттауға жатады.
2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға тартылған АҚҚ және құтқарушыларды аттестаттау:
1) олардың авариялық-құтқару жұмыстарын орындау даярлығының дәрежесін;
2) тиісті техниканың, мүліктің және жабдықтардың болуы және жай-күйін;
3) құтқарушылардың кәсіби дағдысына, медициналық даярлығына, дене, психологиялық және моральдық дайындығына сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі.
3. АҚҚ және құтқарушылар бастапқы, қайталама, мерзімді және кезектен тыс аттестаттауға жатады:
Редакция документа
Демо – версия документа