Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 2 МАУСЫМДАҒЫ № 449 ҚАУЛЫСЫ

Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін
және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 449 Қаулысы

 

Осы редакция 2007 жылғы 21 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

 «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 ақпандағы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы Қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;

2) шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2. Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы № 1270 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 49, 628-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 2 маусымдағы

№ 449 қаулысымен

бекітілген 

 

Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген.

2. Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекциясы комитеті (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку