(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 1999 Ж. 13 ШІЛДЕДЕГІ № 414-I ЗАҢЫ
Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және
ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы
жәрдемақы туралы Қазақстан Республикасының
1999 ж. 13 шілдедегі № 414-I Заңы
(2006.04.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 жылғы 19 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі
3-тарау. Қорытынды ереже
Осы заң 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда осы Заңда белгіленген стажы бар азаматтарды әлеуметтік қорғауға бағытталған.
2004.20.12 № 13-III Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
1-бап. Негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік арнайы жәрдемақы (бұдан әрі - жәрдемақы) - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда осы Заңда белгіленген жұмыс стажы бар адамдарға ақшалай берілетін төлем;
1-1) уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi - Орталық) - Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Заңның шарттарымен жәрдемақыларды төлеудi жүзеге асыруға уәкiлеттiк берген заңды тұлға;
1-2) жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган - орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшелерi;
2) ҚР 2006.04.07. № 148-III Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2004.20.12 № 13-III Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2-бап. Жәрдемақы төлеуге арналған қаражат
Осы Заңға сәйкес жәрдемақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2-тарау. Жәрдемақы тағайындау және
төлеу тәртібі
3-бап. Азаматтардың жәрдемақыға құқығы
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңда көзделген тәртіппен жәрдемақы алуға құқығы бар.
2. Жәрдемақы ай сайын төленеді.
Редакция документа
Демо – версия документа