(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 1998 Ж. 22 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 326-I ЗАҢЫ
Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы Қазақстан Республикасының
1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 326-I Заңы
(2007.08.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 жылғы 5 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2008 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енеді)
Осы Заң Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын қалыптастыру, сақтау мен пайдалану және Қазақстан Республикасындағы мұрағат ісін мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
ҚР 11.10.01 ж. № 256-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілді
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мұрағат ісі - мемлекеттік ұйымдар мен заңды және жеке тұлғалар қызметінің Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру, мұрағаттарды, мұрағат қорлары мен коллекцияларын құру, олардың сақталуы мен пайдаланылуын ұйымдастыруға байланысты саласы;
2) мұрағаттық құжат - қоғам үшін маңыздылығына қарай, сондай-ақ меншік иесіне құнды, сақталынатын немесе сақталуға жататын құжат;
3) мұрағат - мұрағат құжаттарының жиынтығы, сондай-ақ мұрағат мекемесі немесе мекеменің, ұйымның немесе кәсіпорынның пайдаланушылар мүдделері үшін мұрағат құжаттарын қабылдау мен сақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
4) мұрағат қорлары - бір-бірімен тарихи немесе қисынды байланысты құжаттардың жиынтығы;
5) мұрағат коллекциясы - қор құрушылар қызметінде құрылған және бір немесе бірнеше белгілері бойынша біріктірілген құжаттардың жиынтығы;
6) ведомстволық мұрағат - Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, сондай-ақ оның құрамына кірмеген құжаттарды жинақтауды, уақытша сақтау мен пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік заңды тұлғаның мекемесі немесе құрылымдық бөлімшесі;
Редакция документа
Демо – версия документа