(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы Қазақстан Республикасының
1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 326-I Заңы (ҚР 10.11.01 ж. N 256-II;
N 413-II Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын қалыптастыру, сақтау мен пайдалану және Қазақстан Республикасындағы мұрағат ісін мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
I-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 11.10.01 ж. N 256-II Заңымен 1-бап өзгертілді
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мұрағат ісі - мемлекеттік ұйымдар мен заңды және жеке тұлғалар қызметінің Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру, мұрағаттарды, мұрағат қорлары мен коллекцияларын құру, олардың сақталуы мен пайдаланылуын ұйымдастыруға байланысты саласы;
2) мұрағаттық құжат - қоғам үшін маңыздылығына қарай, сондай-ақ меншік иесіне құнды, сақталынатын немесе сақталуға жататын құжат;
3) мұрағат - мұрағат құжаттарының жиынтығы, сондай-ақ мұрағат мекемесі немесе мекеменің, ұйымның немесе кәсіпорынның пайдаланушылар мүдделері үшін мұрағат құжаттарын қабылдау мен сақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
4) мұрағат қорлары - бір-бірімен тарихи немесе қисынды байланысты құжаттардың жиынтығы;
5) мұрағат коллекциясы - қор құрушылар қызметінде құрылған және бір немесе бірнеше белгілері бойынша біріктірілген құжаттардың жиынтығы;
Редакция документа
Демо – версия документа