(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006 ЖЫЛҒЫ 11 ТАМЫЗДАҒЫ № 758 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазавиамет»
шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын
қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 тамыздағы
№ 758 Қаулысы
Осы редакция 2007 жылғы 8 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазавиамет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазаэросервис» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоғам қызметінің негізгі мәні мыналар болып белгіленсін:
шарт негізінде азаматтық авиацияның және басқа да ведомстволардың әуе кемелерінің ұшуын сапалы метеорологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
әуе кемелері ұшуының қауіпсіздігіне, тұрақтылығына және тиімділігіне жәрдемдесу;
метеорологиялық жабдықтардың және басқа да техникалық құралдардың жұмысына жоғары сенімділікті қамтамасыз ету.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
қоғамның жарғысын бекітуді және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену мен пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне берсін.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Редакция документа
Демо – версия документа