(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы
(2007.29.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 жылғы 5 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі туралы epeжe;
2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң аумақтың органдары - мемлекеттік мекемелерінің тiзбесi;
3) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
4) Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрiне екі вице-министрi болуына рұқсат етілсiн.
3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi құрылсын.
4. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
3) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінiң аумақтық бөлiмшелерi - мемлекеттік мекемелерiнiң және оның қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
4) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Тiркеу қызметi комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
5) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Тiркеу қызметі комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
Редакция документа
Демо – версия документа