Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 қарашадағы № 449 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 254-құжат; 2007 ж., № 11, 119-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
19-тармақтағы «шартты-мерзімінен бұрын босатылған,» және «, сондай-ақ жазасын өтеген адамның» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 19-1 және 19-2-тармақтармен толықтырылсын:
«19-1. Шартты-мерзімнен бұрын босатылған адамдардың кешірім жасау туралы өтініштері Қазақстан Республикасының Президентіне тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдары арқылы жіберіледі.
19-2. Сот тағайындаған жазаны өтеген адамдарға кешірім жасау туралы өтініштерді Қазақстан Республикасы Президентінің атына олар өз бетінше жібереді.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Кешірім жасау туралы өтінішке қоса берілген және түзеу мекемелері, ішкі істер органдары арқылы жіберілген материалдарды тиісінше осы мекемелердің әкімшілігі (қолбасшылығы), тиісті ішкі істер органдарының басшылығы куәландырады.»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Шәкіров Асқар Оразалыұлы | - Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл; |
мына жолдар:
Демо – версия документа