(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.04.02. № 103 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл
комитетінің мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 4
ақпандағы № 103 қаулысы
(2006.16.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 29 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
"Қазақстан Республикасының Yкіметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитетi (бұдан әрі - Комитет) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Комитет туралы ереже;
2) Комитеттің құрылымы;
3) Комитеттiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн.
3. Комитеттiң төрағасына бiр орынбасары болуына рұқсат берiлсiн.
4. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтыру мен өзгерістер енгiзілсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi туралы ережеде:
1-тармақтың үшінші абзацы ", Тіл комитетi." деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақта:
2) тармақшада:
бесiншi абзацтағы ", Қазақстан Республикасындағы ономастикалық және терминологиялық жұмысты үйлестiру" деген сөздер алынып тасталсын;
он екінші абзац алынып тасталсын;
3) тармақшаның екiншi абзацы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"Өзге де ұйымдар" деген бөлiмде:
реттік нөмiрi 45-жол алынып тасталсын;
Редакция документа
Демо – версия документа