Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы № 106 Қаулысы

 

Осы редакция 2007 жылғы 24 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулының қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жарияланады.

4. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Дюгай Н.Н.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Төлем балансы және валюталық реттеу департаментінен жариялау үшін өтінім алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау үшін шаралар қолдансын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсін.

 

Ұлттық Банк

Төрағасы

 

Ә. Сәйденов

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку