(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасында білім берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы
(2006.24.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 16 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Жарлыққа түсініктемені қара
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының білім беру жүйесiн дамыту мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасында білім берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзiмде Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн.
3. Орталық және жергіліктi атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдар Бағдарламаны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
4. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етудi бақылау және үйлестiру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жүктелсiн.
5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жарты жылда бір рет, есептi кезеңнен кейiнгі айдың 25-күнiнен кешiктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiне және Қазақстан Республикасының Yкіметіне Бағдарламаны iске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынсын.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi |
|
|
|
| Н. Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің
2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасында білім берудi
дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасы
Астана, 2004 жыл
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы Қазақстан Республикасында білім берудi
дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
Редакция документа
Демо – версия документа