(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.29.04 № 343 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тізілімін,
нормативтік құқықтық кесімдерінің эталондық бақылау банкін жүргізу
ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 сәуірдегі № 343 Қаулысы
Осы редакция 2007 жылғы 19 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 47-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тізілімін, нормативтік құқықтық кесімдерінің эталондық бақылау банкін жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы № 1680 қаулысы(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 52, 478-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы № 1680 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 тамыздағы № 793 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 29, 251-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 2 қазандағы № 1082 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 33, 355-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Үкіметінің
2006 жылғы 29 сәуірдегі
№ 343 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тізілімін,
Нормативтік құқықтық кесімдерінің эталондық бақылау банкін жүргізу ережесi
Редакция документа
Демо – версия документа