«Жеке және заңды тұлғаларды арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асырауға жіберу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2007 жылғы 15 қазандағы № 302 Бұйрығы (2008.26.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)
Жеке және заңды тұлғаларды арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асырауға жіберу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2007 жылғы 15 қазандағы № 302 Бұйрығы
(2008.26.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2011 жылғы 21 қыркүйектегі № 335 Бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі Заңының 9-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жеке және заңды тұлғаларды арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыруға жіберу ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Г. Оразбақов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
2007 жылғы 20 қазан
Қазақстан Республикасы Индустрия
және сауда министрінің 2007 жылғы
15 қазанда № 302 бұйрығымен
бекітілген
Жеке және заңды тұлғаларды арнайы экономикалық аймақтың
аумағында қызметті жүзеге асыруға жіберу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жеке және заңды тұлғаларды арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыруға жіберу ережесі (бұдан әрі - ереже) «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және жеке және заңды тұлғаларды арнайы экономикалық аймақтың аумағында (бұдан әрі - АЭА) қызметті жүзеге асыруға жіберу тәртібін айқындайды.
2. АЭА құру мақсатына сәйкес АЭА әкімшілігі заңды тұлғаларды АЭА қатысушылары ретінде, сондай-ақ АЭА тиімді жұмыс істеуі мен дамыту мақсатына жету үшін қажетті қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру үшін жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беруді жүзеге асырады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа