Қазақстан Республикасының «Білім туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 7 қарашадағы № 328-ө Өкімі
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім
беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 7 қарашадағы № 328-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының «Білім туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Премьер-Министрінің
2007 жылғы 7 қарашадағы
№ 328-ө өкімімен
Бекітілген
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» және «Қазақстан Республикасының
кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі заңдарын іске асыру
мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/ с № | Актінің атауы | Актінің нысаны | Орында- луына жауапты орган | Орындалу мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін, Оларды қызметке тағайындау, аттестаттаудан өткізу және қызметтен босату ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
2 | Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
3 | Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеу, бекіту ережесін және олардың қолданылу мерзімін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ ДСМ | 2007 жылғы қараша |
4 | Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ ДСМ | 2007 жылғы қараша |
5 | Білім беру ұйымдарын аккредиттеу ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ ДСМ | 2007 жылғы қараша |
6 | Мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
7 | Білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
8 | Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын, сондай-ақ педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
9 | Инновациялық университет туралы ережені бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
10 | Білім беру мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
11 | «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
12 | «Алтын белгі» белгісі туралы ережені бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
13 | «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
14 | «Үздік педагог» атағын беру ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
15 | Білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
16 | Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
17 | Әлеуметтік қорғалмаған білім алушыларға және тұрмысы нашар отбасыларынан шыққан білім алушыларға қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
18 | Жұмыс көрсеткіштері жоғары мемлекеттік білім беру мекемелеріне гранттар беруге арналған мемлекеттік конкурстар өткізу ережесін және Тұрмысы нашар отбасыларынан шыққан білім алушыларға стипендиялар төлеу ережесі мен мөлшерін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ ДСМ | 2007 жылғы қараша |
19 | Әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін және оны беру ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
20 | Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысын аттестаттаудан өткізу ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
21 | Білім беру ұйымдарындағы ақпараттық ресурстарды тегін пайдалану, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және құралдармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
22 | Жоғары оқу орындарын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарында педагог қызметкерлердің нормативтік оқу жүктемесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
23 | Білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендиялар төлеу ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
24 | Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламала- рын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасын белгілеу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
25 | Инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізетін университеттерді конкурстық іріктеу ережесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
26 | Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау- дың үлгі ережесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
27 | Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | БҒМ ДСМ | 2007 жылғы қараша |
28 | Орта оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | БҒМ ДСМ | 2007 жылғы қараша |
29 | Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | БҒМ ДСМ | 2007 жылғы қараша |
30 | Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | БҒМ ДСМ | 2007 жылғы қараша |
31 | Білім беру туралы құжаттарды ресімдеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
32 | Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгі шартының нысанын бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
33 | Кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгі шарттың нысанын бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
34 | Білім беру ұйымдары типтері мен түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
35 | Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстар, орындаушылар мен кәсіби шеберліктің республикалық конкурстарын өткізу ережесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
36 | Білім беру ұйымдарының тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) ақылы негізде ұсынуына арналған үлгі шарттың нысанын бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
37 | Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
38 | Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
39 | Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
40 | Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдарды әзірлеу, сараптама жасау және басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ережесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
41 | Орта білім беретін мемлекеттік ұйымдар басшыларын конкурстық орналастыру ережесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
42 | Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастық ұйымының ережесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
43 | Шетелге оқуға жіберу ережесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
44 | Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуына арналған ережені бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
45 | Орта оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын гуманитарлық мамандықтар тізбесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
46 | Ғылыми кеңес қызметінің үлгі ережесін және оны сайлау тәртібін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | БҒМ ДСМ | 2007 жылғы қараша |
47 | Қамқоршылық кеңес қызметінің үлгі ережесін және оны сайлау тәртібін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | БҒМ ДСМ | 2007 жылғы қараша |
48 | Педагогтік кеңес қызметінің үлгі ережесін және оны сайлау тәртібін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | БҒМ ДСМ | 2007 жылғы қараша |
49 | Әдістемелік кеңес (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) қызметінің үлгі ережесін және оны сайлау тәртібін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | БҒМ ДСМ | 2007 жылғы қараша |
50 | Резидентура туралы ережені бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | ДСМ | 2007 жылғы қараша |
51 | Сырттай, кешкі нысанда және экстернат нысанында оқуға болмайтын кәсіптер мен мамандықтар тізбесін және Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру ережесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
52 | Білім беру ұйымдарының типтері бойынша білім алушыларды ауыстыру және оқуға қайта алу ережесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
53 | Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру ережесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
54 | Мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесін және мемлекеттік аралық бақылаудан өтпеген білім алушылардың шекті санын бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
55 | Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгі ережесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
56 | Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кәсіптері (мамандықтары) бойынша кәсіби даярлық деңгейін растау және біліктілік беру ережесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
57 | Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
58 | Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгі біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
59 | Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерін лауазымдар- ға конкурстық тағайындау ережесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
60 | Салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
61 | Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды және аккредиттеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
62 | Интернатурада және резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | ДСМ | 2007 жылғы қараша |
63 | Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстар, орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстары мен спорттық жарыстар жеңімпаздарының тізбесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
64 | Клиникалық базалар туралы ережені бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | ДСМ | 2007 жылғы қараша |
65 | Бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы есептеу ережесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | БҒМ Еңбек мині | 2007 жылғы қараша |
66 | Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | БҒМ | 2007 жылғы қараша |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі