(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 22.05.99 Ж. № 620 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілері жазбаларын өзгерту,
қалпына келтіру және жою туралы ережені, азаматтық хал актілерін тіркеу
кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалардың негізінде
берілетін куәліктердің нысандарын және Қазақстан Республикасында
азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 22 мамырдағы № 620 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 25.06.01 ж. № 857; 03.06.03 ж. № 520; 2005.14.02. № 140
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 жылғы 30 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілері жазбаларын өзгерту, қалпына келтіру және жою туралы ереже;
2) азаматтық хал актілерін тіркеу кітаптарының нысандары:
туу туралы актіні қалпына келтіру жазбасы;
бала асырап (қыз асырап) алу туралы;
тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы;
3) осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін куәліктердің нысандары:
әкелікті белгілеу туралы;
бала асырап (қыз асырап) алу туралы;
тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы;
4) Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы ережелер.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Н.Балғымбаев |
Үкіметінің
1999 жылғы 22 мамырдағы № 620
қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің
Тізбесі
1. "Қазақ ССР-інде азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақ ССР-і Министрлер Советінің 1985 жылғы 12 қыркүйектегі № 331 Қаулысы (Қазақ ССР-і ҚЖ, 1985 ж., № 21-22, 69-құжат).
Редакция документа
Демо – версия документа