(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.07.07 № 645 ҚАУЛЫСЫ
Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың
қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 Қаулысы
Осы редакция 2007 жылғы 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесі бекітілсін.
2. «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешен өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін сатып алудың стратегиялық мәні бар қоса беріліп отырған Ереженің 49-бабының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген бағыттар бойынша агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетуші болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының 2-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
2) осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ Заңның 21-бабының 3, 4-тармақтарын орындауды;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. «Аграрлық секторға несие беру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 137 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 3, 39-құжат) 1, 5-тармақтарының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
Yкіметінің
2006 жылғы 7 шілдедегi
№ 645 қаулысымен
Бекітілген
Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың
қатысуымен қолдау
ережесi
1. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа