(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.28.10 № 1024 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитетінің мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы № 1024 Қаулысы
Осы редакция 2007 жылғы 22 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Сыртқы және ішкі саясатты ақпараттық қамтамасыз ету, сондай-ақ шет елдерде Қазақстан Республикасының жетістіктерін насихаттауды күшейту мақсатында, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитеті (бұдан әрі - Комитет) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
Комитет туралы ереже;
Комитеттің құрылымы бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 41, 530-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (Сыртқыісмині) туралы ережеде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ведомствосы - Халықаралық ақпарат комитеті бар.»;
2) «Штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың қызметкерлері штат санының лимиттерінде:
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі» деген реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі | 349 |
ведомстволарды қоспағанда, министрліктің орталық аппараты | 321 |
Халықаралық ақпарат комитеті бұдан басқа: | 28 |
басқа елдердегі органдар аппараты (елшіліктер, өкілдіктер, консулдықтар мен дипломатиялық миссиялар) | 585». |
Редакция документа
Демо – версия документа