(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.22.09. № 900 ҚАУЛЫСЫ
«Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар
енгізу және Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 276
қаулысының күші жойылды деп тану туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 900 Қаулысы
Осы редакция 2007 жылғы 12 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 276 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2006 ж., № 13, 122-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
| Д. Ахметов |
Үкіметінің
2006 жылғы 22 қыркүйектегi
№ 900 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге берілген өтінімдерді қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 17, 177-құжат):
Редакция документа
Демо – версия документа