(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі)
(ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 1-4-қосымшалар)
(үзінді)
Осы редакция 2007 жылғы 6 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың:
1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
| Д. Ахметов |
Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
1-ҚОСЫМША
101 - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1532027 мың теңге (бір миллиард бес жүз отыз екі миллион жиырма жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 805 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 31 наурыздағы № 1327 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктігін арттыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығы; «Байқоңыр» кешеніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілі туралы ережені туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі № 155 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты
Редакция документа
Демо – версия документа