(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.06.03. № 149 ҚАУЛЫСЫ
«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты
дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске
асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі
шаралар бағдарламасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 Қаулысы
Осы редакция 2007 жылғы 5 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы шешімімен мақұлданған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. 2006 - 2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) көзделген шығыстардың сомасы 2006 және одан кейінгі жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде нақтылауға және түзетуге жатады деп белгіленсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Бағдарлама бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде мүдделі мемлекеттік органдармен келісе отырып, өңірлік бағдарламалар мен оларға іс-шаралар жоспарларын әзірлесін.
4. Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдар (келісім бойынша):
1) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екі рет, 10-қаңтарға және 10-шілдеге Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екі рет, 25-қаңтарға және 25-шілдеге Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
Редакция документа
Демо – версия документа