Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 20 ҚАҢТАРДАҒЫ № 56 ҚАУЛЫСЫ

Арнайы су пайдалануға рұқсат беру ережесін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы № 56 қаулысы

 

Осы редакция 2007 жылғы 17 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Арнайы су пайдалануға рұқсат беру ережесi бекітiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Су ресурстары жөніндегі комитетi Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң Геология және жер қойнауын қорғау комитетiмен, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бiрлесiп үш ай мерзiмде арнайы су пайдалануға рұқсат берумен байланысты мәселелер бойынша нұсқаулықты әзiрлесiн және мүдделi мемлекеттік органдармен келісім бойынша бекiтсiн.

3. «Арнайы су пайдалануға келісім және рұқсат беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 29 желтоқсандағы № 1482 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1994 ж., № 49, 557-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2004 жылғы 20 қаңтардағы № 56 қаулысымен

бекiтілген

Арнайы су пайдалануға рұқсат беру ережесi

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Су кодексiне сәйкес әзiрлендi және арнайы су пайдалануға рұқсат берудiң тәртібін (бұдан әрi Ереже) белгiлейдi.

2. Арнайы су пайдаланудың мынадай түрлерiне:

1) тазартылған өнеркәсiптiк, коммуналдық-тұрмыстық, қашыртқы және басқа да сарқынды сулардың жер бетіндегі су объектiлерiне ағызылуына;

2) тәулiгiне елуден екi мыңға дейiн текше метр су алу лимиттерiмен жер қойнауынан шаруашылық-ауыз су және өндiрiстік-техникалық жер асты суларын пайдалануға рұқсат берiледi.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку