Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2001 Ж. 3 МАМЫРДАҒЫ № 597 ҚАУЛЫСЫ

Жылжымалы мүліктің қаржы лизингі шартын мемлекеттік тіркеу
ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 3 мамырдағы № 597 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1181 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция 2007 жылғы 18 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қаржы лизингі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шілдедегі Заңының 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Жылжымалы мүліктің қаржы лизингі шартын мемлекеттік тіркеу ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

Қ. Тоқаев

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2001 жылғы 3 мамырдағы № 597 қаулысымен

бекітілген

Жылжымалы мүліктің қаржы лизингі шартын

мемлекеттік тіркеу ережесI

Осы Ереже "Қаржы лизингi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында әзiрлендi.

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже жылжымалы мүлiктiң қаржы лизингi шартын (бұдан әрi - лизинг шарты) мемлекеттік тiркеу тәртібін белгiлейдi және Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолдануға жатады.

2. Лизинг шарты мiндеттi түрде мемлекеттік тiркеуге жатады.

Лизинг шартына өзгерістер мен толықтырулар, егер лизинг берушiнi немесе лизинг алушыны, лизинг мәнiн, сондай-ақ лизинг шартының қолданылу мерзiмiн өзгертуге әкелiп соқтырса, олар мiндеттi түрде мемлекеттік тiркеуге жатады.

3. Сублизинг шарты тiркелуi тиiс:

1) лизинг шарты немесе сублизинг шарты тараптарының бiреуiнiң талабы бойынша;

2) егер лизинг шартымен оның мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы оған сәйкес жасалған сублизинг шартының тоқтауына әкеп соқтырмайтыны көзделсе.

4. Лизинг мәнiн уақытша иелену және пайдалану құқығы лизинг шарты мемлекеттік тiркелген кезден бастап "Қаржы лизингi туралы" Заңның 5-бабына сәйкес лизинг алушыға толық көлемде өтедi.

5. Лизинг шартын мемлекеттік тiркеу лизинг мәнiне лизинг берушiнiң және лизинг алушының құқықтарын мемлекеттiң растауы мақсатында жүзеге асырылады.

6. Лизинг шартын мемлекеттік тiркеу Жылжымалы мүлiктiң қаржы лизингi шарттары тiзiлiмiне тиiстi жазу енгізу жолымен жүзеге асырылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку