(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі)
(ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 149-169-қосымшалар)
(үзінді)
Осы редакция 2007 жылғы 13 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың:
149, 150, 151, 152, 153, 154, 155, 156, 157, 158, 159, 160, 161, 162, 163, 164, 165, 166, 167, 168, 169-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
| Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
149-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон
саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1993533 мың теңге (бір миллиард тоғыз жүз тоқсан үш миллион бес жүз отыз үш мың теңге).
Редакция документа
Демо – версия документа