(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004.30.12. № 1441 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесін бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 1441 қаулысы
Осы редакция 2007 жылғы 11 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргізу ережесi бекітілсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі |
|
|
|
| Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 1441 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасында
аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесi
Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзудiң осы ережесi (бұдан әрi - Ереже) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және аңшылық шаруашылығын жүргiзу тәртібін айқындайды.
Аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн негiздеме
2. Жеке және заңды тұлғаларға аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн:
1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi органмен (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) келісілген аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы облыстық атқарушы органның шешiмi;
2) уәкiлеттi орган мен жануарлар дүниесiн пайдаланушы арасында жасалатын аңшылық шаруашылығын жүргiзуге арналған шарт негiздеме болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа