(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 13.12.00 Ж. № 113-ІІ ҚР ЗАҢЫ
Отбасы үлгiсіндегі балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы
2000 ж. 13 желтоқсандағы № 113-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
(2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 ж. 27 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 3 баптар)
2-тарау. Балалар ауылы тәрбиеленушілерінің құқықтары (4 - 10 баптар)
3-тарау. Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы (балалар ауылы) (11 - 21 баптар)
4-тарау. Жасөспірімдер үйі (әлеуметтік бейімделу орталығы) (22 - 32 баптар)
5-тарау. Балалар ауылдары мен жасөспірімдер үйлерінің (33 - 36 баптар)
тәрбиеленуші-балаларына арналған мемлекеттік
кепілдіктер
Осы Заң жетiм балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында тұрып, тәрбиелену құқықтарын қанағаттандыру, сондай-ақ оларға имандылық-рухани, еңбек тәрбиесi мен білім берудi жан-жақты қамтамасыз ету мақсатында құрылатын отбасы үлгiсіндегі балалар ауылдарының және Жасөспiрiмдер үйлерiнiң құқықтық жағдайын айқындайды.
1-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар
1. Осы Заң жетiм балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасы үлгiсіндегі балалар ауылдары мен Жасөспiрiмдер үйлерiнде бағып-күтiлуiне, тәрбиеленуiне, жалпы және кәсiптiк білім берумен қамтамасыз етiлуiне байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.
2. Осы Заңмен реттелмеген қатынастарға өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң нормалары қолданылады.
2-бап. Қазақстан Республикасының отбасы үлгiсіндегі балалар ауылдары және Жасөспiрiмдер үйлерi туралы заңдары
Редакция документа
Демо – версия документа