(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚҚА БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2006.25.02. № 55 ҚАУЛЫСЫ
«Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін Қазақстан Республикасының
резиденті емес - заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін
рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 Қаулысы
(2006.12.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 ж. 25 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 5-тармағын, 18-бабының 1-тармағын, 17-1-бабын, «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36, 36-1, 52-баптарын, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының мынадай резиденті емес - заңды тұлғалар осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтинг агенттіктерінің біреуі берген Қазақстан Республикасына берілген тәуелсіз рейтингтен (немесе оған сай келетін рейтингтен) төмен емес ұзақ мерзімді рейтингісіне ие болуға тиіс екендігі белгіленсін:
банктік холдинг немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болатын заңды тұлғалар;
Қазақстан Республикасында еншілес банктер құратын (бар) банктер;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесіне ие болатын заңды тұлғалар;
ашық жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары немесе акционерлері;
ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесіне ие болатын заңды тұлғалар;
зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшылары немесе акционерлері.
Редакция документа
Демо – версия документа