Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.02.12 № 1192 ҚАУЛЫСЫ

Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 желтоқсандағы № 1192 Қаулысы

 

Осы редакция 2007 ж. 19 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына

 сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2. "Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 5, 30-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларында:

"Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялар беру кезінде алынатын лицензиялық алым ставкалары" деген 1-тараудың 1-тармағында:

8) тармақшаның "Лицензияланатын қызмет түрлері" бағанында ", тотализаторлар, казинолар" деген сөздер алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

"8-1) Ойын бизнесі саласындағы қызмет                  10".

3. "Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 қарашадағы № 1432 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 39, 501-құжат) күші жойылды деп танылсын.

4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдері бұрын қабылданған шешімдерді осы қаулыға сәйкес келтірсін.

5. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 2 желтоқсандағы

№ 1192 қаулысымен бекітілген

 

Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялау

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку