(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ 13.06.01 Ж. № 211-ІІ ҚР ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы
2001 ж. 13 маусымдағы № 211-ІІ
Қазақстан Республикасының Заңы
(2006.31.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 ж. 12 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңын қара (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Негізгі ережелер (1 - 7 баптар)
2-тарау. Туристік қызметті мемлекеттік реттеу (8 - 14 баптар)
3-тарау. Туристік қызметті ұйымдастыру (15 - 23 баптар)
4-тарау. Туристің құқықтары мен міндеттері, (24 - 27 баптар)
туристің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
5-тарау. Қорытынды ережелер (28 - 29 баптар)
Осы Заң Қазақстан Республикасы экономикасы салаларының бiрi ретiнде туристiк қызметтiң құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
1-бап. Негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) гид (гид-аудармашы) - туристерге уақытша келген елдегi (жердегi) туристiк ресурстармен таныстыру жөнiнде экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдық қызмет көрсететiн кәсiби даярланған жеке тұлға;
2) туристiк қызмет көрсетуге жасалған шарт - өтелмелi туристiк қызмет көрсету бойынша туроператордың немесе турагенттiң және туристiң арасындағы келісім;
3) туризм нұсқаушысы - тиiстi біліктiлiгi және туристiк маршруттармен жүрiп өту тәжiрибесi бар кәсiби даярланған жеке тұлға;
4) туристердi орналастыру орындары - мейманханалар, мотельдер, кемпингтер, туристiк базалар, қонақжайлар, демалыс үйлерi, пансионаттар және туристердiң тұруы мен оларға қызмет көрсету үшiн пайдаланылатын басқа да үй-жайлар мен ғимараттар;
Редакция документа
Демо – версия документа