«Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар мен мамандырылған емдік тағам рецептер бойынша тегін әрі жеңілдікті шарттармен босатылатын аурулардың түрлері мен халықтың жекелеген санаттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 376 Бұйрығы (күші жойылды)
Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар мен мамандырылған емдік тағам рецептер бойынша тегін әрі жеңілдікті шарттармен босатылатын аурулардың түрлері мен халықтың жекелеген санаттарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 376 Бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 446 Бұйрығымен күші жойылды
«Дәрілік заттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар мен мамандандырылған емдік тағам рецептер бойынша 1,0 мөлшерінде өтеу коэффициентімен тегін шарттармен босатылатын аурулардың түрлері мен халықтың жекелеген санаттарының тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес амбулаториялық емделу кезінде дәрілік заттар рецепт бойынша 0,5 мөлшерінде өтеу коэффициентімен жеңілдікті шарттармен босатылатын аурулардың түрлері мен халықтың жекелеген санаттарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті (Машкеев Б.Ә.):
1) осы бұйрыққа 1, 2-қосымшаларға сәйкес халықтың жекелеген санаттарын дәрілік қамтамасыз ету мониторингін жүргізуді қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Мұхамеджанов Ж. М.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялануға жіберсін.
Документ утратил силу
Демо – версия документа