Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 183 бұйрығы (2010.23.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 183 бұйрығы

(2010.23.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Қаржы министрінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 653 бұйрығымен күші жойылды

 

«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 11) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Ұсынылып отырған Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережесі бекітілсін.

2. Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н.Айтжанова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

 

Министр

Н. Коржова

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2007 жылғы 22 мамырдағы

№ 183 бұйрығымен

бекітілді

 

Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу

ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеудің осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласында реттеуді жүзеге асыратын орталық уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын (бұдан әрі - кәсіби ұйымдар) және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарын (бұдан әрі - сертификаттау жөніндегі ұйым) аккредиттеу және аккредиттеуден айыру жүргізу тәртібін белгілейді.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции