(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 08.10.04 Ж. № 1044 ҚАУЛЫСЫ
Электр энергетикасы қондырғылары объектілерiн қайта жаңарту
мен кеңейту үшiн қосымша қуаттарды қосу және шығындарды өтеу
ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004
жылғы 8 қазандағы № 1044 қаулысы
(2006.13.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2007 ж. 25 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 17 шiлдедегі Заңының 19-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Электр энергетикасы қондырғылары объектілерiн қайта жаңарту мен кеңейту үшiн қосымша қуаттарды қосу және шығындарды өтеу ережесi бекітілсiн.
2. «Қосымша жүктеме қосқан кезде электр энергетикасы объектiлерiн кеңейту мен қайта жаңғыртуға кеткен қосымша шығыстарды өтеудiң тәртібі мен шарттары туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 30 қарашадағы № 1459 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі екі ай мерзiмде Қосымша қуаттарды қосқаны үшiн тұтынушылардың шығындарын өтеудiң тәртібін көздейтiн энергия беру жөніндегі қызметтерге тарифтер (алым ставкаларының бағаларын) бекіту тәртібін әзiрлесiн және бекiтсiн.
4. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі бір ай мерзiмде электр энергетикасы қондырғылары объектiлерiн қайта жаңарту мен кеңейту үшiн қосымша қуаттарды қосу және шығындарды өтеу мәселелерi бойынша өзiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi |
|
|
|
|
|
| Д. К. Ахметов |
Үкіметінің
2004 жылғы 8 қазандағы
№ 1044 қаулысымен
бекiтілген
Электр энергетикасы қондырғылары объектiлерiн қайта
жаңарту мен кеңейту үшiн қосымша қуаттарды қосу және
шығындарды өтеу ережесi
1. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа