(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.15.09. № 873 ҚАУЛЫСЫ
«Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы қызметінің кейбір
мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 873 Қаулысы
(2007.26.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 ж. 29 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етедi:
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 65 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 286 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
«Қазына» АҚ мен Компаниялар арасындағы өзара қарым-қатынастар" деген 7-бөлімде:
екінші абзац мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Компаниялардың Директорлар кеңестерінің (қадағалаушы кеңестің) екі мүшесін Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынымы бойынша «Қазына» АҚ сайлайды.«.
2. «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамына кейбір акционерлік қоғамдардың директорлар кеңестерінің және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қадағалау кеңесінің құрамдарына осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес лауазымды тұлғаларды сайлау ұсынылсын.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
| Д. Ахметов |
Үкіметінің
2006 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 873 қаулысына
1-қосымша
ҚР Үкіметінің 2007 ж .26 наурыздағы № 229 Қаулысымен 1 қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара )
Кейбір акңионерлік қоғамдардың директорлар кеңестерінің және жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктің қадағалау кеңесінің құрамдарына сайлауға ұсынылатын
лауазымды тұлғалар
1. «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғам:
Редакция документа
Демо – версия документа