(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 1993 Ж. 20 ҚАҢТАРДАҒЫ № 1901-XII ҚР ЗАҢЫ
Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды
әлеуметтiк қорғау туралы 1993 жылғы 20 қаңтардағы № 1901-XII Қазақстан
Республикасының Заңы
(2007.15.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 ж. 22 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Әскери қызметшiлердiң мәртебесi және әлеуметтiк қорғалуы Қазақстан Республикасының Контституциясымен, осы Заңмен, басқа да заң актілерімен, соның iшiнде Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық құқылық актiлермен белгiленедi.
Осы заңда қызметшiлердiң құқықтары, бостандықтары, әскери борышын атқару кезіндегі мiндеттерi мен жауапкершiлiгi белгiленiп, оларды әлеуметттiк қорғау жөніндегі мемлекеттік саясаттың алғашқы негiздерi айқындалады.
ҚР 19.10.93 ж. № 2453 Заңымен 1-бап өзгертілді; ҚР 08.07.03 ж. № 478-II Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1-бап. Әскери қызметшiлер және әскери қызмет
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, ұлттық қауiпсiздiк органдарында, Республикалық ұланында, Iшкi iстер министрлігінің iшкi әскерлерiнде, әскери-тергеу органдары мен әскери полициясында, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметiнде, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң басқару органдары мен азаматтық қорғаныс бөлiмдерiнде және әскери прокуратура органдарында (бұдан әрi Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар) мемлекеттік әскери қызмет атқаратын адамдар әскери қызметшiлер болып табылады.
Оларға офицерлер, прапорщиктер мен мичмандар, келісім-шарт бойынша әскери қызметтен өтушi адамдар, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттары, мерзiмдi қызметтегi старшиналар, сержанттар, солдаттар мен матростар жатады.
Әскери қызметшiлер әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде мемлекеттiң қорғауында болады. Олар әскери жарғыларға сәйкес өздерiне бастық болып табылатын адамдарға ғана бағынады және олардың қызметтiк iсiне араласуға басқа ешкiмнiң құқығы жоқ.
Редакция документа
Демо – версия документа