(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1996 Ж. 25 МАУСЫМДАҒЫ № 790 ҚАУЛЫСЫ
«Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 ж. 25 маусымдағы № 790 қаулысы
(2007.04.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 ж. 22 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік кәсiпорын туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың берiлiп отырған Тiзбесi бекітілсiн.
2. Министрлiктер, мемлекеттік комитеттер мен өзге де мемлекеттік органдар (бұдан әрi - өкiлеттi органдар) Тiзбеге сәйкес республикалық кәсiпорындарға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асыратын оларды мемлекеттік басқару органдары болып белгiленсiн.
Өкiлеттi органдар Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың Тiзбесi бекітілгеннен соң екi ай мерзiм iшiнде кәсiпорындардың жарғыларын бекiтсiн және олардың басшыларымен контракт жасасын.
3. Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың басшылары жарғылар бекітілген соң бір ай мерзiм iшiнде белгiленген тәртiппен кәсiпорындарды қайта тiркеуден өткiзсiн.
4. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетi республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзiлiмiн әзiрлесiн және оны жүргiзсiн.
5. Министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдар өздерiнiң бұрын қабылдаған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкестендiрсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрдiң
орынбасары
Үкіметінiң
1996 жылғы 25 маусымдағы
№ 790 қаулысымен
Бекiтiлген
Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың
Тiзбесi
Тізбе өзгерістер және толықтыруларымен 2007 ж. 4 мамырға берілген
Редакция документа
Демо – версия документа