Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 14 НАУРЫЗДАҒЫ № 192 ҚАУЛЫСЫ

«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 наурыздағы № 192 Қаулысы

 

Осы редакция 2007 ж. 7 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 274 Жарлығының 1-тармағының 3) тармақшасын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса беріліп отырған «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің

2007 жылғы 14 наурыздағы

№ 192 қаулысымен 

бекітілген

 

«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум

 

1. Құру мақсаты

 

«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын (бұдан әрі - «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ) құрудың мақсаты мемлекеттік және жеке секторларды шоғырландыру, кластерлік әдіс негізінде бірыңғай экономикалық нарықты құру, инвестициялар мен инновациялар тарту үшін қолайлы экономикалық орта қалыптастыру, өңірлерді әлеуметтік дамытуға, сондай-ақ пайдалы қазбаларды, оның ішінде Қазақстан Республикасының Yкіметі бекіткен пайдалы қазбалар түрлері мен қорлары көлемнің тізбесіне сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, қайта өңдеуге бағытталған бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруға қатысу жолымен Ақмола, Қарағанды облыстарын және Астана қаласын экономикалық дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку