(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
“Сәйкестікті растау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық
актілердің туынды түрлерін бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық
реттеу және метрология комитеті Төрағасының 2005 жылғы 22 сәуірдегі
№ 119 Бұйрығы
Осы редакция 2007 ж. 29 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес және «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімін орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Сәйкестікті растау бойынша аккредиттелген органның инспекциялық тексеріс жүргізу ережесі;
2) Берілген сәйкестік сертификаттарының немесе сәйкестік туралы декларациялар тіркеулерінің қолданылу мерзімін тоқтату немесе күшін жою ережесі;
3) Шет елдік сәйкестік сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарын құптау ережесі бекітілсін.
2. Техникалық реттеу және метрология басқармасы осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуге ұсынсын.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Төраға
| А. Құсаинов |
Индустрия және сауда
министрлігінің Техникалық
реттеу және метрология
комитеті Төрағасының
2005 жылғы 22 сәуірдегі
№ 119 бұйрығымен
бекітілген
Сәйкестікті растау бойынша аккредиттелген органның
инспекциялық тексеріс жүргізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде сәйкестікті растау бойынша аккредиттелген органның инспекциялық тексеріс жүргізу ережесінің жалпы талаптарын белгілейді.
Редакция документа
Демо – версия документа