(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2001 ЖЫЛҒЫ 15 ҚАЗАНДАҒЫ № 1328 ҚАУЛЫСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс
қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері »
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 15 қазандағы № 1328 қаулысы
(2006.07.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 ж. 2 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
Қазақстан Республикасында салынған объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау және жұмыс комиссияларының өкілеттіктерін, міндеттерін, сондай-ақ міндетті құрамын белгілеу ережесі;
мемлекеттік қабылдау комиссиясының салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісінің бірыңғай нысаны бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Үкіметінiң
2001 жылғы 15 қазандағы
№ 1328 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасында салынған объектiлердi пайдалануға
қабылдау жөніндегі қабылдау және жұмыс комиссияларының
өкiлеттiктерiн, мiндеттерiн, сондай-ақ мiндеттi құрамын белгілеу
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында салынған объектiлердi пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау және жұмыс комиссияларының өкiлеттіктерiн, мiндеттерiн, сондай-ақ мiндеттi құрамын белгiлеу ережесi қабылдау немесе жұмыс комиссияларын тағайындау тәртібі мен олардың мiндеттi құрамын, салынған объектiлердi (кешендердi) пайдалануға қабылдау кезiнде комиссиялар мен олардың мүшелерiнiң өкiлеттiктерiн және мiндеттерiн анықтайды.
2. Қабылдау және жұмыс комиссиялары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамаға сәйкес тапсырысшының (инвестордың, құрылыс салушының) шешiмiмен құрылады.
Редакция документа
Демо – версия документа