Қазақстан Республикасындағы дезинфекциялық қызметтің стандарттары (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 11 мамырдағы № 224 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2005 жылғы 11 мамырдағы
№ 224 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасындағы дезинфекциялық қызметтің
стандарттары
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасындағы дезинфекциялық қызметтің стандарттары (бұдан әрі - Стандарттар) дезинфекциялық құралдарды (бұдан әрі - дезқұралдар), жабдықтарды, материалдарды әзірлеуді, сынауды, дайындауды, өндіруді, сақтауды, тасымалдауды, өткізуді, қолдануды, объектілерді күтіп-ұстау мен пайдалануды, сондай-ақ жұмыстар мен қызметтердің (бұдан әрі - дезинфекциялық қызмет) тиімділігі мен қауіпсіздігін бақылауды қамтитын жұмыстар мен қызметтерді ұйымдастыру мен жүзеге асыруға қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Стандарттар ұйымдастыру-құқықтық нысандарына қарамастан, дезинфекциялық қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - шаруашылық жүргізуші субъектілер) үшін міндетті болып табылады.
3. Ошақтық және профилактикалық дезинфекциялауды ұйымдастыру жөніндегі бақылау және әдістемелік басшылық етуді мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары жүзеге асыруға тиіс.
4. Осы Стандарттарда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) дезинфекциялау - жұқпалы және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жоюға бағытталған шаралар кешені;
2) жоғары деңгейдегі дезинфекция - оларды жүргізгенде бактериялар, вирустар (соның ішінде полиовирустар) мен споралар жойылатын дезинфекция;
3) орташа деңгейдегі дезинфекция - оларды жүргізген кезде бактериялар, вирустар (соның ішінде (полиовирустар), тазқұрттар, туберкулездің микобактериялары жойылатын, алайда споралар жойылмайтын дезинфекция;
4) төменгі деңгейдегі дезинфекция - оларды жүргізген кезде бактериялар, кейбір тазқұрттар, вирустар жойылатын, алайда туберкулез микобактериялары сияқты тұрақты бактерияларға қатысты тиімсіз дезинфекция;
5) дезинсекция - жәндіктер мен басқа да буынаяқтыларды жою жөніндегі іс-шаралар кешені;
6) дератизация - кеміргіштерді жою жөніндегі іс-шаралар кешені;
Документ утратил силу
Документ находится в стадии обработки
Демо – версия документа