«Қазақстан Республикасында дезинфекциялық қызметті жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің 2005 жылғы 11 мамырдағы № 224 бұйрығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасында дезинфекциялық қызметті жетілдіру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің 2005 жылғы 11 мамырдағы № 224 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Заңының 7-бабының 10-тармақшасына, «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Заңының 7-бабының 6) және 7)-тармақшаларына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарының 28 тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасындағы дезинфекциялық қызмет Стандарттары» бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана, Алматы қалалары денсаулық сақтау департаменттерiнiң басшылары (келісім бойынша):
1) мемлекеттік медицина ұйымдарын дезинфекциялық камералармен және дезинфекциялау-зарарсыздандыру жабдықтарымен, жаңа буын дезинфекция құралдарымен қамтамасыз ету туралы мәселені қарасын;
2) осы бұйрықпен белгіленген мерзімдерде жұқпалы аурулармен ауырғандарды жедел жәрдем, дезинфекциялық станция, амбулаториялық-емханалық және стационарлық медициналық көмек көрсететін ұйымдардың көліктерімен тасымалдауды қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының басшылары:
1) медициналық және басқа ұйымдарда ошақтық және алдын ала дезинфекциялаудың, дезинсекциялаудың және дератизациялаудың жүргiзiлсін, дезинфекциялау және зарарсыздандыру тәртібiн ұйымдастыруды және бақылауды қамтамасыз етсін;
Документ утратил силу
Демо – версия документа