Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы (Астана қ., 2007 жылғы 28 ақпан) (I Бөлім)

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы
 
Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан
(Астана қ., 2007 жылғы 28 ақпан)
 
(I Бөлім)

 

І. «ҚАЗАҚСТАН-2030» Стратегиясының 10 жылдығы - Қазақстан экономика мен

өз мемлекеттілігінің берік іргетасын құра отырып, дамудың жаңа кезеңіне сенімді қадам басуда

ІІ. Қазақстандықтардың өмір сапасының артуы

ІІІ. Қазақстандық дамудың жаңа кезеңі - жан-жақты жаңғыртуды жеделдету

ІV. Бәсекеге қабілеттілік - қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті

V. Жаңа кезеңнің негізгі міндеттері

VІ. Қазақстандық патриотизм мен саяси ерік-жігер - жаңа қазақстанды құрудың аса маңызды факторлары

 

І. «ҚАЗАҚСТАН-2030» СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫ - ҚАЗАҚСТАН

ЭКОНОМИКА МЕН ӨЗ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ БЕРІК ІРГЕТАСЫН ҚҰРА

ОТЫРЫП, ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ СЕНІМДІ ҚАДАМ БАСУДА

 

Қымбатты қазақстандықтар!

Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері!

Ханымдар мен мырзалар!

 

Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап біз сіздермен бірге дәйектілікпен құрып жатқан Жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдік қоғамдастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгерілеп келеді.

Бүгінде экономика мен өз мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қамтамасыз етіп, біз қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам бастық. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді.

Бүгін мен сіздерге еліміз бен қоғамымыздың одан әрі дамуы жайындағы өз пайымымды баяндамақпын. Ойға алғанымызды орындау Қазақстанның шын мәнінде тарихи ауқымдағы аршынды самғау жасауына мүмкіндік туғызады.

Әңгіме еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің клубына қарай ілгерілеуі жөніндегі нақты қадамдары туралы болмақ, бұл жайында алдыңғы Жолдауда да айтылған еді.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку