(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1999 Ж. 3 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ № 1305 ҚАУЛЫСЫ
Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1305 қаулысы
(2006.30.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 ж. 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2006.30.03. № 216 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2006.30.03. № 216 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қоса беріліп отырған білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Н. Балғымбаев |
ҚР Үкіметінің 2006.30.03. № 216 қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 1305 қаулысымен бекітілген
Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау - тиісті білім беру деңгейінде олар көрсететін білім беру қызметінің мемлекеттік жалпы міндетті стандарт талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында жүргізілетін рәсім.
3. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудың негізгі қағидаттары объективтілік, міндеттілік, мерзімділік және жариялылық болып табылады.
4. Мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
2. Мемлекеттік аттестаттауды жүргізу тәртібi
Редакция документа
Демо – версия документа