«Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің туы және нышаны туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 8 қаңтардағы № 240 Жарлығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің туы және нышаны туралы
ҚР Президентінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 326 Жарлығымен күші жойылды
«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 10-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі туының;
2) Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі нышанының сипаттамалары бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2007 жылғы қаңтардың 8-і.
№ 240
Президентінің
2007 жылғы 8 қаңтардағы
№ 240 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы әділет органдарының
қылмыстық-атқару жүйесі туының
СИПАТТАМАСЫ
Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің туы (бұдан әрі - ту) қара көк түсті тік бұрышты мата болып табылады.
Тудың ортасында Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесі нышанының бейнесі орналасқан.
Тудың шеті алтын сары түсті шашақпен көмкеріліп, сапқа бекітіледі. Саптың ұштығы найза нысанында жасалған, оған алтын сары түсті екі шашағы бар өрілген бау бекітілген.
Тудың графикалық бейнесі қоса беріліп отыр.
Қазақстан Республикасы Президентінің
2007 жылғы 8 қаңтардағы
№ 240 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
әділет органдары қылмыстық-атқару
жүйесі нышанының сипаттамасына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы әділет органдары қылмыстық-атқару
жүйесі нышанының графикалық бейнесі
Президентінің
2007 жылғы 8 қаңтардағы
№ 240 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Документ утратил силу
Демо – версия документа