Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 желтоқсандағы № 1295 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 1295 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

міндетін атқарушы

 

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Yкіметінің

2006 жылғы 27 желтоқсандағы

№ 1295 қаулысымен

Бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

 

1. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған (екінші кезең) орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы № 884 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:

«2006-2008 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі» деген 5-бөлімде:

2006-2008 жылдарға арналған басымды республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде:

«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» деген кіші бөлімде:

реттік нөмірі 5-жолда:

4-бағандағы «2005-2007» деген сандар «2005-2008» деген сандармен ауыстырылсын;

5-бағандағы «550000» деген сандар «1362885» деген сандармен ауыстырылсын;

7-бағандағы «335000» деген сандар алынып тасталсын;

9-баған «1147885» деген сандармен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-1-жолмен толықтырылсын:

10-1

Жәңгір хан атындағы  

Батыс Қазақстан

аграрлық-техникалық

университетінің

машина жасау

факультетін және

оқу-өндірістік

орталығын салу

БҒМ

2006

561188

335000

 

 

 

»;

 «Бағдарлама бойынша ЖИЫНЫ» деген жолда:

9-бағандағы «38567852» деген сандар «39715737» деген сандармен ауыстырылсын;

2) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:

«Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2007-2009 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі» деген 5-бөлімде:

2007-2009 жылдарға арналған басымды республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде:

«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» деген кіші бөлімде:

реттік нөмірі 5-жолда:

6-бағандағы «365000» деген сандар «30000» деген сандармен ауыстырылсын;

8-бағандағы «812885» деген сандар «1147885» деген сандармен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-1-жолмен толықтырылсын:

 

10-1

Жәңгір хан атындағы

Батыс Қазақстан

аграрлық-техникалық

университетінің

машина жасау

факультетін және

оқу-өндірістік

орталығын салу

БҒМ

2006

561188

335000

 

 

 

»;

 «Бағдарлама бойынша ЖИЫНЫ» деген жолда:

8-бағандағы «32448347» деген сандар «32783347» деген сандармен ауыстырылсын;

3) «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:

04 «Білім беру» функционалдық тобында:

225 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» әкімшісі бойынша:

011 «Білім және ғылым объектілерін салу және қайта жаңарту» бағдарламасы бойынша:

«Алматы қаласында көру қабілетінде проблемалары бар балаларға арналған 250 орындық мектеп-интернат салу 335000» деген сөздер алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан

аграрлық-техникалық университетінің

машина жасау факультетін және оқу-

өндірістік орталығын салу                           335000»;

4) «2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 232-қосымшада:

«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:

«Алматы қаласында көру проблемалары бар балалар үшін 250 орындық мектеп-интернатының құрылысын жалғастыру» деген сөздер алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне машина жасау факультетін және оқу-өндірістік орталығын салуға күрделі трансферттер аудару.».

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку