(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 27.12.02 Ж. № 1386 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы
сертификатын беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 27 желтоқсандағы № 1386 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 12 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 заң күші бар Жарлығының 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы сертификатын беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Үкіметінiң
2002 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 1386 қаулысымен
бекітiлген
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе
кемелерінің ұшу жарамдылығы сертификатын беру
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы сертификатын беру ережесi (бұдан әрi - Ереже) уәкiлеттi органның азаматтық әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығының нормаларына сәйкестiгiн куәландыратын үлгi сертификаты негiзiнде ұшу жарамдылығы сертификатын беру тәртібін белгілейдi.
2. Ұшу жарамдылығы сертификаты азаматтық әуе кемесiнiң мiндеттi құжаты болып табылады. Ұшу жарамдылығының қолданыстағы сертификатынсыз тек әуе кемелерiн жасаушы зауыттан, авиажөндеу кәсіпорнынан немесе басқа ұйымдардан алған кезде әуе кемесiнiң бортында қабылдау-өткізу актiсi және ұшуға тапсырма болғанда оны тұрақты орналасатын жерiне дейiн айдап апаруға ғана рұқсат етiледi.
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
1) уәкілеттi орган - өзінің құзыретi шегiнде азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік саясатты, азаматтық және эксперименттiк авиацияның қызметiн мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, үйлестіру мен реттеудi және әуе кеңiстiгiн пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы;
Редакция документа
Демо – версия документа