(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2002 Ж. 24 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ № 951 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
2002 жылғы 24 қыркүйектегі № 951 Жарлығы
Осы редакция 2006 ж. 12 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы № 88 Жарлығына:
Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк Кеңесi туралы Ережеде:
6-тармақ "ұсынуы бойынша" деген сөздiң алдынан "ұсыныстары ескерiле отырып, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының" деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Қауiпсiздiк Кеңесiнiң қызметiн Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы құрылымы мен штатын белгiлейтiн Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшылығы қамтамасыз етедi";
17-тармақтағы және 21-тармақтың 2) тармақшасындағы тиiсiнше "мен Талдау орталығы", "және Талдау орталығының" деген сөздер алынып тасталсын;
21-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Мемлекет басшысының ұлттық қауiпсiздiк мәселелерi бойынша қызметiн ақпараттық және талдау материалдарымен қамтамасыз етуге қатысады;";
Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң құрамына:
Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшысы Омархан Нұртайұлы Өксiкбаев Кеңес құрамына енгiзiлсiн;
Марат Мұхамбетқазыұлы Тәжин Кеңес құрамынан шығарылсын;
Александр Сергеевич Павловтың лауазымы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бiрiншi орынбасары";
2) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 16 шiлдедегi № 173 Жарлығына:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына:
№ 1 қосымшада:
Редакция документа
Демо – версия документа