(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.26.01 № 52 ҚАУЛЫСЫ
«Оңтүстік Қазақстан облысы жекелеген мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы № 52 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 10 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Өгем, Төле би, Түлкібас ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемелері Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің коммуналдық меншігіндегі мүліктік кешендер ретінде республикалық меншікке қабылдансын.
2. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөніндегі қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын.
3. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Өгем, Төле би, Түлкібас ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Сайрам-Өгем" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - мекеме) қосылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт және Төле би аудандарының аумағындағы босалқы жер санатынан жалпы алаңы 11100 гектар жер учаскесі алынып қойылсын және олар тұрақты жер пайдалану құқығымен мекемеге берілсін.
5. Осы қаулыға қосымшада көрсетілген мекеменің жер учаскелері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінің санатына жатқызылсын, ал осы аумақтағы ормандар «мемлекеттік ұлттық табиғи парктер ормандары» мемлекеттік орман қорының санатына жатқызылсын.
Редакция документа
Демо – версия документа