(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы)»
(ҚР Үкіметінің 2005.12.12. № 1235 Қаулысына 400-405-қосымшалар)
(үзінді)
Осы редакция 2006 ж. 31 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың:
400, 401, 402, 403, 404, 405-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының;
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
| Д. Ахметов |
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
400-қосымша
678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Қорғалатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және
салтанатты рәсімдерді орындауға қатысу»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны:1485224 мың теңге (бір миллиард төрт жүз сексен бес миллион екі жүз жиырма төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 тамыздағы № 1428 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:мемлекет Басшысының және өзге күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін; аса маңызды мемлекеттік объектілердің күзетілуін; протоколдық рәсімдік іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз ету.
Редакция документа
Демо – версия документа