Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстанда әлемдік деңгейдегі мұнай-химия кешендерін қалыптастыру және қазақстандық алғашқы мұнай-химия кешенін құру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 989 Қаулысы (2010.18.10. берілген өзгерістермен)

Қазақстанда әлемдік деңгейдегі мұнай-химия кешендерін қалыптастыру және қазақстандық
алғашқы мұнай-химия кешенін құру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 989 Қаулысы

(2010.18.10. берілген өзгерістермен)

 

Қосылған құны жоғары экспорттық мұнай-химия өнімін шығара отырып, көмірсутек шикізатын терең өңдеу жөніндегі әлемдік деңгейдегі мұнай-химия кешендерін құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстанда әлемдік деңгейдегі мұнай-химия кешендерін қалыптастыру және қазақстандық алғашқы мұнай-химия кешенін құру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының өзге де орталық атқарушы органдары мен «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Жоспардың іс-шараларының уақтылы және тиісінше орындалуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

ҚР Үкіметінің 2010.18.10. № 1072 Қаулысымен жоспар өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 13 қазандағы

№ 989 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстанда әлемдік деңгейдегі мұнай-химия кешендерін

қалыптастыру және қазақстандық алғашқы мұнай-химия кешенін

құру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

Р/с №№

Іс-шаралар

Аяқталу нысаны

Орындалуына жауаптылар

Орындалу мерзімі

Болжамды шығыстар (млн. теңге)

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

1.

Атырау облысында алғашқы біріктірілген мұнай-химия кешенін салу

1.

Атырау облысында біріктірілген мұнай-химия кешенін салудың техника-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеу

Техникалық-экономикалық негіздеме, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау), «ҚМГ ҰК» АҚ, «ҚМГ БӨ»»АҚ, «КРІ» АҚ

2006 жылғы қараша

419,877

«ҚМГ БӨ» АҚ-ның инвестициялық қаражаты

2.

Атырау облысында біріктірілген мұнай-химия кешенін салу жобасын басқаратын компанияны таңдау

Қазақстан Республикасының   Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау), «ҚМГ ҰК» АҚ, «ҚМГ БӨ» АҚ, «КРІ» АҚ

2006 жылғы қараша

609,75

«КРІ» АҚ-ның инвестициялық қаражаты

3.

Жобаның қоршаған ортаға әсерін бағалаудың» (ЖҚОӘБ) алдын ала жобасын әзірлеу

Жобаның қоршаған ортаға әсерін бағалаудың алдын ала жобасы, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау), Қоршағанортамині, «ҚМГ ҰК» АҚ, «ҚМГ БӨ»»АҚ, «КРІ»»АҚ, «Sat&Со» ЖШС, «ҚазЭкожоба» ЖШС

2006 жылғы қараша

16,723

«Sat&Со» ЖШС-нің инвестициялық қаражаты

 

4.

Атырау облысында біріктірілген мұнай-химия кешенін салу жобасының халықаралық қаржы және заң консультанттарын іріктеу

Мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурс өткізу, Қазақстан Республикасының   Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау), «ҚМГ ҰК»»АҚ, «ҚМГ БӨ» АҚ, «КРІ» АҚ

2006 жылғы қараша

609,75

«КРІ» АҚ-ның инвестициялық қаражаты

5.

Атырау облысында біріктірілген мұнай-химия кешенін салу инвестициялық жобасын жобалық қаржыландыру, оның ішінде халықаралық банктердің қаржыландыру жұмысы

Қазақстан Республикасының   Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау), «ҚМГ ҰК» АҚ, «ҚМГ БӨ» АҚ, «КРІ» АҚ

2007 жылғы наурыз

  

«КРІ» АҚ-ның инвестициялық қаражаты

6.

Атырау облысында біріктірілген мұнай-химия кешенін салудың техникалық жобасын орындау

Техникалық жоба

ЭМРМ (жинақтау), «КРІ» АҚ

2007 жылғы наурыз

  

«КРІ» АҚ-ның инвестициялық қаражаты

 

7.

Атырау облысында біріктірілген мұнай-химия кешенін салудың техникалық жобасының мемлекеттік, салалық сараптамасы

Мемлекеттік және салалық сараптамалардың қорытындылары

ЭМРМ, ЭБЖМ, ИСМ, Қоршағанортамині, «ҚМГ ҰК» АҚ, «ҚМГ БӨ» АҚ, «КРІ» АҚ

2007 жылғы мамыр

4,2

«КРІ» АҚ-ның инвестициялық қаражаты

8.

Атырау облысында біріктірілген мұнай-химия кешенін салуға мердігерлерді іріктеу

Қазақстан Республикасының   Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау), «ҚМГ ҰК» АҚ, «ҚМГ БӨ» АҚ, «КРІ» АҚ

2007 жылғы мамыр

  

«КРІ» АҚ-ның инвестициялық қаражаты

9.

Атырау облысында біріктірілген мұнай-химия кешенін салу

Қазақстан Республикасының   Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау), «ҚМГ ҰК» АҚ, «ҚМГ БӨ»»АҚ, «КРІ» АҚ

2007 жылғы маусым -2010 жылғы маусым

426825,0

Инвестициялық  қаражат -30% жобаға қатысушылар есебінен және 70% қарыз қаражаты

 

2.

Бензол, жол битумдарын және хош иісті қосылыстар алу жөніндегі мұнай-химня өндірісі

10.

Атырау мұнай өңдеу зауытында бензол алу жөніндегі өндіріс салудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу

Техникалық- экономикалық негіздеме және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау), «ҚМГ ҰК»»АҚ, «ҚМГ БӨ»»АҚ, Марубени, Космо,

«АМӨЗ» ЖШС

2007 жылғы қаңтар

Талап етілмейді

JВІС Жапония халықаралық ынтымақтастық банкісінің гранты (байланыссыз)

11.

Атырау мұнай өңдеу зауытында бензол алу жөніндегі өндіріс салудың техникалық  жобасын орындау

Техникалық жоба

ЭМРМ (жинақтау), «ҚМГ ҰК» АҚ, «ҚМГ БӨ» АҚ, «АМӨЗ» ЖШС

2007 жылғы наурыз

  

«ҚМГ ҰК» АҚ-ның инвестициялық қаражаты

12.

Атырау мұнай өңдеу зауытында бензол алу женіндегі өндірісті салудың техникалық жобасының мемлекеттік және салалық сараптамасы

Мемлекеттік және салалық сараптаманың қорытындылары

ЭМРМ, ЭБЖМ,

ИСМ, Қоршағанортамині,

«ҚМГ ҰК» АҚ,»»АМӨЗ» ЖШС

2007 жылғы маусым

  

«ҚМГ ҰК» АҚ-ның инвестициялық қаражаты

13.

Атырау мұнай өңдеу зауытында бензол алу жөніндегі өндірісті салуға мердігерлерді іріктеу

Қазақстан Республикасының   Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау), «ҚМГ ҰК» АҚ, «ҚМГ БӨ» АҚ, «АМӨЗ» ЖШС

2007 жылғы қыркүйек

  

«ҚМГ ҰК» АҚ-ның және «АМӨЗ» ЖШС-нің инвестициялық қаражаты

 

14.

Атырау мұнай өңдеу зауытында бензол алу жөніндегі өндіріс құрылысының басталуы

Қазақстан Республикасының   Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау), «ҚМГ ҰК»»АҚ, «ҚМГ БӨ» АҚ, «АМӨЗ» ЖШС

2008 жылғы қаңтар

  

«ҚМГ ҰК» АҚ-ның және «АМӨЗ» ЖШС-нің инвестициялық қаражаты

15.

Жол битумдарын шығаратын өндірістерді құру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының   Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау), «ҚМГ ҰК» АҚ, «ҚМГ БӨ» АҚ, «Sat&Со» ЖШС, «КРІ» АҚ

2007 жылғы қаңтар

Талап етпейді

  

16.

Хош иісті қосылыстар шығару жөніндегі мұнай-химия өндірісін салудың техника-экономикалық негіздемесін әзірлеу

Техника-экономикалық негіздеме  және Қазақстан Республикасының   Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау), «ҚМГ ҰК» АҚ, «Қазына орнықты даму қоры» АҚ,

«АМӨЗ» ЖШС

2007 жылғы шілде

121,95

«ҚМГ ҰК» АҚ-ның және «АМӨЗ» ЖШС-нің инвестициялық қаражаты

17.

Хош иісті қосылыстар шығару жөніндегі өндірісті салудың техникалық жобасын орындау

Техникалық жоба

ЭМРМ (жинақтау), «КМГ ҰК» АҚ, «АМӨЗ» ЖШС

2007 жылғы желтоқсан

  

«ҚМГ ҰК»» АҚ-ның және «АМӨЗ»» ЖШС-нің инвестициялық қаражаты

 

18.

Хош иісті қосылыстар шығару жөніндегі өндірісті салудың техникалық жобасының мемлекеттік және салалық сараптамасы

Мемлекеттік және салалық сараптаманың қорытындылары

ЭМРМ,

ЭБЖМ,

ИСМ,

Қоршағанортамині,

«ҚМГ ҰК» АҚ,

«АМӨЗ» ЖШС

2008 жылғы ақпан

 

«ҚМГ ҰК»»АҚ-ның және «АМӨЗ»» ЖШС-нің инвестициялық қаражаты

19.

Хош иісті қосылыстар шығару жөніндегі өндірісті салуға мердігерлерді іріктеу

Қазақстан Республикасының   Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау), «ҚМГ ҰК» АҚ, «АМӨЗ» ЖШС

2008 жылғы наурыз

 

«ҚМГ ҰК» АҚ-ның және «АМӨЗ» ЖШС-нің инвестициялық қаражаты

20.

ҚР Үкіметінің 2010.18.10. № 1072 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

Ескертпе:

 

ЭМРМ

- Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі

ЭБЖМ

- Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

ИСМ

- Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі

Қоршағанортамині

- Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

«ҚМГ ҰК» АҚ

- «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

«ҚМГ БӨ» АҚ

- «ҚазМұнайГаз» Барлау өндіру» акционерлік қоғамы

«КРІ» АҚ

- (бұрын - «АТОЛЛ») - «Kazakhstan Petrochemical Industries» акционерлік қоғамы

«Sat&Co» ЖШС

- «Sat&Co» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«ҚазЭкожоба» ЖШС

- «ҚазЭкожоба» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«АМӨЗ» ЖШС

- «Атырау мұнай өңдеу зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции